» » СӘРКЕ БАТЫР КӨШЕСІ

СӘРКЕ БАТЫР КӨШЕСІ

1994 жылы аудан әкімі қызметін атқарған Жақай Бодықбаевтың заман талабына сай аудан орталығы мен оған қарасты елді мекендердегі көше, сонымен бірге әлеуметтік және кәсіпорындар атауын өзгерту мақсатындағы  30 қарашадағы №278 шешімімен сол кезеңдері Озерная аталып келген көше жоңғар мен қалмақтарға қарсы соғысып, елін қорғаған  Сәрке батыр көшесі болып өзгертілді.

Сәрке батыр 1727 жылдар шамасында Кіші жүз табынның Шөмішті бұтағының Есенбай аталығынан тараған Өмірқұл есімді бақуатты адамның отбасында дүниеге келген.

Өмірқұл бай 1720 жылдары Сыр бойына, яғни  қазіргі Жалағаш ауданына Өзбекстандағы Шыршық өзені бойынан көшіп келіп, тұрақтанған.
Бала кезінен өжет, қайсар болып өскен Сәрке есейе келе, яғни 1745 жылы қазақ даласын билеп, үстемдік құруға жорықтар жасаған жоңғар және  қалмақ әскерлеріне қарсы соғысқа қатыса бастайды. Жас батыр жоңғар-қалмақ әскерін елден аластауда көрсеткен ерліктерімен елге танылады.

Қазақ жеріне ойран салып, ұлтымыздың одан әрі өмір сүруіне қауіп төндірген, десе де жоңғар ханы Галден Церен қаза болғаннан кейін, сол жылдары Қытайды билеген Манджур әулеті басшысыз қалған  жоңғарларды тас-талқан етіп жойып, олардың тарихтан өшуіне себепкер болды.

Міне, жоңғарлар сияқты тарих бетінен жойылып кетпеу мақсатында қазақ батырлары  ел азаттығы үшін жан алысып, жан беріскен ұрыстарға қатысып, қазақ халқын сақтап қалды. Ондай жанкешті батырларымыздың қатарында Сәрке батыр да болды.Сәрке батыр жоңғар мен қалмақпен жан беріп, жан алысып  шабысқан ержүрек қазақ батырларының бірі. Ол Көкібатырұлы  Есет, Бөкенбай, Бәйтек, табын Бәйтен, жаппас Ақберді, қаражон табын Шындаулы сынды батырлармен қоян-қолтық араласып жүріп  жауға қарсы жорыққа шыққан.
Сәрке батырдан өрбіген ұрпақтар арасында елге танылған батырлар мен би-шешендер де болған. Атап айтар болсақ, өзі сияқты қолына найза алып жауға шапқан  Қойкелді, Ағайдар, Бекайдар батырлардың балалары Байқадам, Бостыбай, шөберелері  Шірен, Сейіл, Тоқабай сынды ұрпақтары ел-жұртын жаудан қорғаған батырлар болса, Беркімбай қалпе, ал Бекқұл болыс болып, елге адал қызмет еткен.
Көнекөз қариялардың айтуынша, Сәрке батыр шамамен 1771 жылы, яғни 44 жасында  Қарақұмның солтүстік шығысында қалмақтармен өткізген қанды шайқаста қаза болған.  Батырдың мүрдесі бастапқы кезде  Қарақұмдағы «Сәрке Ақшиінде» жерленген болса, кейіннен Табын руының теке аталығынан шыққан Жүзжасар  би бастаған азаматтар  мүрдені қазіргі Қорқыт ата қорымына қайта жерлеген екен.   Бүгінде сол қорымда Сәрке батырмен бірге оның баласы Ағайдар, немересі Байқадам мен шөбересі Сейіл батырлар мәңгілікке мекен тапқан. 

Міне, атынан жау сескенген Сәрке батырдың есімін  өскелең ұрпақ жадында мәңгі сақтауда Жосалы мен Жалағаш кенттерінен көше атаулары берілген.


25 желтоқсан 2018 ж. 2 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031