» » ТІРКЕУ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

ТІРКЕУ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

2018 жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қараша аралығында тұрғындарды Байқоңыр қаласындағы облыстық медициналық орталықтың филиалындағы емханаларға тіркеу науқаны басталды. Өткен жылы Байқоңыр қаласының 14178 тұрғыны осы тіркеу науқаны аясында емханаларды таңдау құқығын пайдаланғанын атап өту қажет. Бұл тұрғындардың тіркеу жөніндегі науқанға қызығушылығының артқанын, азамат­тар­дың науқанға, сондай-ақ жалпы алғанда өзінің емхананы еркін таңдау құқығынан хабардар екенін көрсетеді.
Қазіргі таңда Байқоңыр қаласындағы ОМО филиалындағы емханаға 20096 адам тіркелген. Бұл науқан біздің өңіріміз үшін маңызды. Қазір Ақай ауылы мен Төретам кентінен азаматтар белсенді түрде тіркелуде, үстіміздегі жылдың 15- қыркүйегінен 15-қазанға дейін таңдау құқығын – ауылдағы 2320 адам қолданып үлгерді. Ескере кететіні, науқан кезінде тіркеуге таңдалған емхана 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап қызмет көрсетеді. Оған дейін сіз өз емханаңыздың емделушісі болып қаласыз.
Заңнама ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің, ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы №1263 «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ережесін және азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық ұйымдарға бекіту ере­жесі туралы» қаулысы шеңберінде емхананы өзгертуге мүмкіндік береді.
Емханаларды ауыстырудың түрлі себептері бар. Мәселен, көшу кезінде, сіздің емханаңызда өзгерістер болған жағдайда (жабылып қалса, қызмет көрсетуді тоқтатса, қайта құрылса, медициналық сақтандыру қорымен қызметті көрсету үшін шартты қайта созбаса немесе басқа да себептермен келісім-шарты тоқтатылса), егер біраз уақыт немесе ешқашан емханаңызды ауыстырмасаңыз; ал қазіргі емхана түрлі себептермен ұнамаса, сіз жылына 1 рет қызмет көрсететін клиникаңызды ауыстыра аласыз, егер қормен қызмет көрсететін жаңа емхана пайда болған жағдайда.
Тіркеудің жаңа ережелері көптеген өз­геріс­терді қамтиды. Біріншіден, алғашқы меди­цина­лық-санитарлық көмекті ұйымдас­тыру­дың екі негізгі қағидаттарын іске асыру үшін жағдайлар жасалады: отбасылық қызмет көрсету қағидаты және қадамдық қолжетімділік қағидаты. Мұнда отбасының барлық мүшелерінің ауру тарихын және қандай да бір ауру түрлеріне бейімділігін білетін отбасылық дәрігер, тиімді емдеу түрін тағайындай алады. Сондықтан, бір маманға ұзақ уақыт емделуге барсаңыз, әлдеқайда жақсы ем аласыз. Ал, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметтерінің қолжетімділігі қағидаты бойынша сізбен таңдалған емхана үйіңізден 15-20 минут қашықтықта орналасқаны жөн. Бұл дәрігерлерге сіздің нашарлаған жағдайыңызда дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Енді 4 санаттағы шақыруларға емханалар қызмет көрсетеді, ал, жедел жәрдем бригадасы өзге де ауыр жағдайлар мен шұғыл көмек көрсетуге барады. Екіншіден, айтарлықтай маңызды емес өзгерістер бойынша емханалардағы дәрігерлердің жоғары жүктемесі мен кезекте тұру мәселесін шешу. Жаңа ережеге сәйкес, жалпы тәжірибедегі 1 дәрігерге шектік жүктемесі, ересек және балаларды қоса алғанда – 1700 адамды құрайды. Бұрын бұл көрсеткіш 1 дәрігерге 2 мың адам болды. Үшін­шіден, жаңашылдық. Ерікті медициналық сақ­тандыру шарты негізінде емханалардың желі­сіне қосылу мүмкіндігін қарастыру.
Бұл көбінесе іссапарларға баратын немесе вахталық негізде жұмыс істейтін адамдарға тиімді. Енді ерікті медициналық сақтандыру иелерінің еліміздің барлық емханасында қызмет алуға мүмкіндіктері бар. Тіркеу науқаны тек МӘМС жүйесіндегі ТМККК аясында медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау нысандарының деректер базасында тіркелген медициналық ұйымдардың арасында жүргізіледі.
«Таңдалған емханаға қалай тіркелуге болады?» деген сауал көптің көкейінде жүрген болар. Ол үшін жеке куәлігіңізді ұсынып және бас дәрігердің атына өтініш жазасыз. Ешқандай мекен-жай анықтамасы талап етілмейді. Егер сіз отбасы мүшелерін олардың қатысуынсыз тіркегіңіз келсе, олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды және ересек адам болса, жазбаша келісулерін ұсынасыз. Ал, 18 жастан төмен бала болса, оның ата-анасы немесе қамқоршысының жеке басын куәландыратын құжаты, өтініш берушінің жеке куәлігі және баланың мүддесін білдіретіндігін растайтын құжатымен тіркей алады. Сондай-ақ, емхананы онлайн, яғни egov.kz. сайты арқылы таңдай аласыз. Оған қоса, халыққа қызмет көрсету орталығындағы Connectionpoint арқылы. Мұнда электрондық форматта тіркеме рәсімінен өтуге көмектесетін кеңесшінің көмегіне жүгінуге болады.
Денсаулық сақтау саласына көрсетілген қолдау жетерлік. Саланың сала құлаш дамуы көз алдымызда. Соның бір айғағы, Байқоңыр қаласында 2016 жылдың 12 тамызынан бас­тап Байқоңыр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылының, Қармақшы, Арал, Қазалы аудандарының тұрғындарына стационарлық медициналық көмек көрсететін, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ КМК «Облыстық медициналық орталық» филиалы пайдалануға берілді.
Ресей мен Қазақстан арасында халыққа медициналық көмек көрсетудің өзгеруіне байланысты, білікті медициналық және маман­дандырылған медициналық көмек көрсету үшін, Байқоңыр қаласында ота жасау-реанимациялық бөлімі бар 20 төсекке арналған хирургиялық бөлім ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ҚР азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығының ұлғайғанын (72 жас) және ұзақ өмір сүрушілерді, аурудың полимордибиясы және егде жастағы адамдарға медициналық көмек көрсету қажет­тілігін есепке алып, 10 төсекке арналған мейір­бикелік күтім бөлмесін, 10 төсекке арналған амбулаториялық-сауықтыру бөлімін ашу және күндізгі стационарды 30 төсекке дейін кеңей­ту жоспарда бар. Сонымен қатар, қарт адамдар санының артуына, олардың ауруларының полиморбитизміне байланысты, стационардағы мейірбике күтімі маңызды және 2019 жылы дәрігердің қарауынсыз тұрақты медициналық көмекке мұқтаж, емделмейтін патологиясы бар науқастарға стационарлық көмек көрсетілмек.
Серік ОРЫНБАСАРОВ,
директордың орынбасары.
15 қараша 2018 ж. 1 371 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031