» » БЕКЖАННЫҢ бизнесі

БЕКЖАННЫҢ бизнесі

Жастар қай істе де белсенді. Мұны күнделікті өмірден көріп жүрміз. Бірі – білім қуып, ғылымға иек артса, бірі – жаңа жобаларды дүниеге әкеліп, кәсібін дөңгелетуде. Айтпақшы, бүгінде кәсіпкерлігі көш ілгері өңіріміздің айтулы саласы жыл санап жастармен толығып келеді. Олардың бірқатары мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай қолдауларға арқа сүйесе, кейбірі өз қаражаты есебінен кәсіп ашуда. Жалпы, кәсіпкерлікке жастардың қызығушылығы жаман емес. Сондай жастың бірі – Жосалы кентінің тұрғыны Бекжан Ахметов.

Ол жақында кент орталығынан дүңгіршек құ­растырды. Ұқыпты істелген дүңгіршекте тұтынушыға жылдам дайындалатын тағам түрлерін ұсынуда.
– Қазір кәсіпкерліктің уақыты. Мен де өзімді осы салада сынап көруді жөн санадым. Ойлана келе аудан орталығында жылдам дайындалатын тағам түрлерінің жоқтығын ескеріп, донер, гриль пісіріп сатуды қолға алдым. Жұмыс істей бастағанымызға көп бола қоймаса да тұтынушының сұранысы көңілден шығуда. Сатып жатқан тағам түрлерінің бағасы халыққа қолжетімді. Сапасына да барынша мән береміз, – дейді жас кәсіпкер.
Бекжан Сарманұлы қарамағына бір адамды жұмыспен қамтып отыр. Әмзе Уәлиев – өз ісінің шебері. Дәмді етіп тағам пісіруге машықтанған маман. Шымкент қаласынан білімін жетілдірген.
– Тамақ дайындау – жауапты іс. Оған қойылатын санитарлық талаптар бар. Адам денсаулығының қауіпсіздігі сапалы тағам тұтынумен тікелей байланысты. Сондықтан елге ұсынатын дүниеміз сапалы әрі дәмді болуы үшін тауық, сиыр етін Қызылордадан алдыртамыз. Кәсіп болған соң, оны кеңейтіп, жетілдіріп отыру керек. Келешекте кенттен осындай дүңгіршектің бірнешеуін ашып, басқа да жылдам пісетін тағам түрлерін даярлауға жұмыс істемекпін, – дейді Б.Ахметов.
Түйін:
Елбасы биылғы Жолдауында келер жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Көреген көшбасшының жастарға былай­ша басымдық беруі тегін емес. Өйткені, жастар – қашан да қоғамның қозғаушы күші, жалыны саналған. Бұл бастама – Қазақстан жастарын жігерлендірумен қатар, оларға рухани да күш бермек.

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет),
«Қармақшы таңы».
12 қараша 2018 ж. 2 621 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 248

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 349

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930