» » СЕРПІНІ БӨЛЕК СЕРІКТЕСТІК

СЕРПІНІ БӨЛЕК СЕРІКТЕСТІК

Биыл Алдашбай ауылдық округіндегі Жұмабек Шайманов басқаратын «Алдашбай ахун» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің диқандары үшін табысты жыл болуда. Олар өздеріне бекітілген 14 гектар бақшалық жерге қауын-қарбыз, асқабақ сияқты ауылшаруашылығы дақылдары мен картоп егіп, еселі еңбегінің нәтижесінде айтарлықтай табысқа қол жеткізді.

Ұқсас жаңалық
– алдашбайахундық диқандар үшін табысқа толы жыл болды десем артық айтқаным емес. Расында да, бақшашылар сонау ерте көктемнен бастап қолына кетпенін алып, шіліңгір шілденің аптапты ыстығына шыдас беріп, балаша мәпелеп өсірген өнімдерін уақытында жинап алуда тынбай еңбек етті. Алдашбай ахунның шырынды күләбісі мен сары ала қауыны, сондай-ақ әмірелері, торсықтай қарбыздары қашанда сұраныста болған. Бүгінде де ол әлі халық сұранысынан түскен емес. Сала ардагерлері Рахым Оразов, Нұрлан Смаділдаев және басқа да білікті мамандардың тындырымды да тиянақты жұмыс әдістерінің арқасында бақшашылар айтарлықтай мол өнімге қол жеткізді. Мына шеті Көмекбаев, мына жеті Қызылорда және Байқоңыр қалалары тұрғындарын сапалы өніммен қамтамасыз етіп, алғысқа кенелсе, бүгінде диқандар картобын қазып алып, оны да ел-жұртқа қолжетімді бағамен ұсынуда. Ал, алдағы мақсатталған жоспарға келер болсақ, алдағы жылы 150 гектарға күріш ексек, бақшаны 15 гектарға ұлғайтамыз деген ойдамыз. Сондай-ақ, 50 гектарға жоңышқа егу де жоспарымызда бар. Егер осы жоспар іске асып жатса, ауылда жұмыссыз жүргендерді де жұмыспен қамтуға толық мүмкіндік бар, – дейді шаруашылық басшысы Жұмабек Шайманов.
– Шаруашылық ауылдағы қоғамдық жұмыстарға көмек қолын созып, ауылдың көркейіп-гүлденуіне де атсалысуда. Айтулы мерекелерге өз үлесін қосып, ел алғысына бөленуде, – дейді ауыл әкімі Фархад Шегебаев.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы»
19 қазан 2018 ж. 1 205 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031