» » БАЛЫҚ АУЛАУҒА ДА БАП КЕРЕК

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ДА БАП КЕРЕК

«Балық та – байлық», – дейді қазекем. Айтса, айтқандай-ақ екен. Сонау ашаршылық, зұлмат жылдарында басқа өңірге қарағанда Сыр бойы халқы көп қинала қоймағандай. Өзге аймақ аштықтан қиналып жатқанда дарияны жағалай мекендеген бір қауым ел балық аулап, күнін көрген-ді. Халқымыз қашан да адал асты місе тұтқан ғой. Осылайша, балықтың арқасында қалың жұртшылық аузына арам ас салмаған. Балық аулау кәсібі бүгінде өз жалғасын табуда. Ұзақ жылдар балық аулауды кәсіп еткен жанның бірі – Батырбек Ашрафи.
Б.Қасымжанұлы саналы ғұмырын балық аулауға арнаған кісі. Кезінде табыс тауып, кәсіп көзі ете білген ол осымен бала-шағамды аяқтан тұрғыздым, – дейді марқая сөйлеп.
– Қазір зейнеткермін. Демалыста болсам да ескі кәсіптен алыс кете қойғаным жоқ. Ағайын-тума бір қуырып жейтін балық сұрап жатады. Ондайда жеке меншік көлдерге барып, ау құрамын. Бұйырғанын аламын. 30 жылдан аса уақыт балық аулап, ау тоқыдым. Кезінде Алматы, Шымкенттен жіп алдырып, ау тоқитынмын. Өте сапалы болатын еді. Бүгінде қытайдың ауы қаптап кетті. Әбден балыққа зиянын тигізді десек болады. Аудың бір келісі 200, 500 теңге көлемінде болған соң, екінің бірі сатып алып, құра береді ғой. Қайбір жылы осы аулардан шабақ, балықтар қырылып қалды. Ауды құрған соң, қайта алуға ерінеді де. Сосын арзан ауды базардан қайта сатып ала береді. Судағы ауды алғаннан, базардан қайта сатып алған тиімді болған күндер де болды емес пе? Не ол ау шірі­мейді. Сөйтіп, өзен-көлге салған талай ауды қай­тып алынбай, қаншама балықтың обалына қалдық. Табиғат инспекторлары бар, өзіміз де осындай ауларды судан шығарып, неше мәрте өртедік те, – дейді балықшы.
Бір жақсысы – қазіргі кезде балықшыларға мұндай ауды пайдалануға құзырлы орындар шектеу қойған.
– Балық–денсаулыққа пайдалы ас. Оның құ­рамы дәруменге өте бай. Оған деген қы­зығушылығым жастық шақтан басталды. Көр­шілерім де, жолдастарым да балық аулайтын еді. Әсіресе, оралдық орыс ағайынның балыққа көңілі ерекше-тін. Бердібек, Молдахмет, Афоня атты азаматтар кәнігі балықшылар болатын. Уақытында Көмекбаев, Қуаңдариядан тонналап балық аулап саттық. Балықтың аулайтын, ауламайтын мезгілі бар. Сәуірдің 15-інен бас­тап маусымның аяғына дейін балықты аулауға болмайды. Себебі, бұл кезде олар уылдырық шашады. Уылдырық шашқаннан соң, 40 күндей тағы тоқтайды. Яғни, балықтың демалуы керек. Аулайтын мезгілі – қыркүйек, қазан және қара­шаның ортасы. Балықты аулаған адам оны қақтай да біледі. Оған ең ыңғайлы уақыт – күз мезгілі, – дейді кейіпкеріміз.
Түйін:
Өмірде Алланың бұйыруынсыз шөптің басы қозғалмайды. Сол сияқты Ауданның Қармақшы атанғаны бекер емес. Қармақшы ата–аумалы-төкпелі заманда дарияның жа­­ғасынан балық аулап, елін аштықтан құт­қарады. Аңызға қарағанда, қасиетті кісінің қармағына балық өзі келіп түседі-мыс. Бұл да болса Жаратқан иеміздің шексіз құ­діретінің бірі болар.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет).
«Қармақшы таңы».
12 қазан 2018 ж. 3 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 079

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031