» » Әсіре қызыл тез оңар немесе бағдарламалар талғамға сай ма?

Әсіре қызыл тез оңар немесе бағдарламалар талғамға сай ма?

Ауылдың ЖАЗҒЫ мамыражай кеші. Ауыл балаларымен күннің батқанын аңғармай доп қуалап жүргенде, терезеден анамның: «үйге кірсеңші, АСҚА ОТЫРАМЫЗ» – деген дауысы естілді. Жалғыз мен емес, көрші балалардың да анасы дәл солай шақырып әлек. Жуынып ДАС­ТАРХАН басына жайғастым. Отбасы мүшелері де ТҮГЕЛІМЕН ОСЫНДА. Көкжәшікте Сәуле ӘбединоваМЕН «Ақжүніс» бағдарламасы ЖҮРІП ЖАТЫР. Бағдар­лама басталғаннан уақыттың қалай өткенін аңғармаған анам «қап, бітті ма?» дейтіні ТАҒЫ БАР. Қыз тәрбиесі, жас-жұбайлар, отау тігу, отбасы, өмірге ұрпақ әкелу мәселесі СИЯҚТЫ толғақты ой-пікірлерді ортаға салатын «Ақжүністің» Сәулесін әлі күнге дейін қалың көрермен Ақжүніс деп атайды. Неге?
Себебі, «Ақжүністің» келін мен ене арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындаған мәселе жайы, әсіресе жас толқын көрермендердің назарын ерекше аудартты. Бұрын өзінің тағдыры туралы студияда ашық әңгімелеп, шерін тарқататын пендені жарық күнде шаммен іздеп табу қиын болса, рухани жаны жаралы, көңілі жарты, отбасылық шері асқынғандар хабарға өз­дері келіп, мұңын шағып, қоғамнан ізгілік күтуіне мүмкіндік туған болатын. Бағдарлама басталғаннан-ақ, қазақилықтың иісі аңқитын. Мұны тамашалайтын көрерменнің де қарасы қалың еді. Төрт жыл көкжәшіктен түспеген «Ақжүністі» бүгінге дейін телеарнаға қайта жаңғыртуын сұрап жүргендер де аз емес. Сондай-ақ, ол кездері қазіргідей экранды жаулаған үнді, түрік пен кәріс телехикаялары көрсетілмейтін. 1970 жылдары эфирге шыққан «Қымыз­хана» бағдарламасы ха­лық арасында әлі күнге дейін жақсы лебізбен еске алынады. Ол Мәскеудің «Кабачок», «13 стульев» бағ­дарламасынан алынған. Бағдар­ламаны жасаушы топ формасын ұқсастырып, оны ұлттық мінезімізге сай икемдеді. Сағат Әшімбаевтың «Қарыз бен парыз» бағдарламасы қазақ қоғамындағы түрлі түйінді мәселелерді батыл сөз етіп, ойға қозғау салған жобалардың бірі болған. «Қарыз бен парыз» бағдар­ламасы пішіні жөнінен көне болып көрінгенімен, журналистің озық ойы, парасатты пайымдауы ар­­қылы қоғамдық пікірдің көшін бастады. Сол сияқты «Ұят болмасын», «Еркектің аты еркек», «Мың бір мақал» секілді бағдарламалар халық жадында жаңғырып тұр. «Ұят болмасын» бағдарламасының безендірілуі, бүкіл өнер жұлдыз­дары­на бір қазаннан дәм ұсынған, киелі дастархан басына жиып, халқы­мызға жақсы көңіл-күй сыйлайтын, тәрбиелік мәні жоғары дүниелердің бірі еді. Сондықтан қай бағдарламаны ашсаңыздар да, ұлттық бедер мен нақыш көрінбесе оның ұлтқа тиер пайдасынан гөрі залалы көп екенін ұмытпаған жөн.
Ал, бүгінгі бағдарламалардың басым бөлігі жеңіл-желпі әңгімеге құрылып, көрермен талғамын түсі­ріп ж­атыр десек жаңсақтық болмас. Отандық ток-шоуларға келсек «Қарекет», «Ашығын айтқанда», «Қызық Times», «Қыздар арасында» деп бірінен соң бірі жалғаса беретін кейбір телебағдарламалар ұлттық құндылықтан гөрі батыстық идеологияны жоғары қояды. Осы тұста «Қазаққа қандай телебағдарлама керек?» деген сауалға жауап іздеу керек. Өйткені, тікелей көшірме, арзан күлкі телевидениеге деген жұртшылықтың көзқарасын өзгертуде. Бағдарламаның қайсы­сы болмасын журналистика тілінің жұтаңдығы, әдеби нормадан ауыт­қуы, сахна, телевидение мәде­ниетін білмеуі сырт көзге бірден байқалады. Мәселен, соңғы кездері «Қалаулым», «Кел келінім», «Өз ойым» сынды бағдарламалар ерсі қылықтарымен көрерменге жол тартып, өз аудиториясын қалыптастырды. Алайда, «Рейтинг» деп қазақы болмысымызды жоғалтып жатқан жоқпыз ба? Мұндай қателіктерге бүгінгі жұрт­шы­лықтың да еті үйреніп кеткен секілді. Әрбір журналист ұлттық құндылықтың көсегесін көгертуде өз үлесін қосуға мүдделі болуы керек. Өзге тілді сөз саптауында араластыруы да, мәселе шешемін деп сөздің қадірін кетіру де бағдарламаға сән бермейтінін естен шығармасақ нұр үстіне нұр болар еді.
Түйін.
Ашығын айтқанда менің журналистика саласына қадам басуыма көршіміз Ресейде сонау жылдардан бастап қарқын алған «Пусть говорят» ток-шоуы түрткі болды. Алайда, заманның тынысы өзгерген сайын телебағдарламалардың да мазмұндық-формалық жағынан түрленіп, әрбірі ерекшеленуде. Эфир – эстетикалық тәрбие құралы, ал телевизия – қуатты күш. Осыған саятын болсақ, бүгінгі қазақ телевизиясын жаулаған телебағдарламалар неге ұлттық танымға негізделмейді? Өскелең ұрпаққа тәлім беретін бағдарламалар неге жоқ? Телеарна – ұлттық идеологияны қалыптастыратын құрал. Ал, осы арқылы біз неге рухани құндылығымызды болашақ жастарға дәріптемеске?

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы»
21 тамыз 2018 ж. 1 751 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031