» » Қытайға саяхат: "Үңгір-ауылдар"

Қытайға саяхат: "Үңгір-ауылдар"

Қытайдың Гуйчжоу таулы аймағында "үңгір-ауылдар" әлі күнге дейін бар. Ол жерде тұратын адамдар бұрын қаруланған басқыншылардан жасырынып, үңгірлереге үйлер құрып, осында тұрақтап қалған. Олар Қытай коммунистік дәуірінде мемлекет бірлескен кезінде де елді мекендерге қайтпай, осы үңгірлерде тұруды жөн көрген. Қытайда адамдар жасайтын үңгірлердің бірі Чжунды сыртқы дүниемен тек соқпақ жол ғана байланыстырады. Үлкен жолға шығып алу үшін онымен кемінде бір сағаттай жүру керек. Бірақ, соңғы 20 жыл ішінде бұл мекенді тамашалауға келетін туристердің әсерінен үңгірді сыртқы дүниемен байланыссыз оңаша мекен деп айта алмайсыз. Туристердің келуі жергілікті тұрғандардың әл-ауқатын кәдімгідей көтеріп тастады. Себебі, жергілікті халық туристерге арнап түрлі бұйымдар жасап сатады, қала берді бамбуктен жасаған үйлерін жалға береді. Ауылдың негізгі күн көрісі – сиыр мен тауықтар. Балалар мектеп-интернатта жатып оқиды. Үйлеріне демалыс күндері ғана келеді. Жергілікті үкімет үңгір тұрғындарына 10 жылдан бері олар үшін арнайы салынған жақын маңдағы ауылға көшіп келуге үгіттеп келе жатыр. Жаңа орынға көшіп келгендерге 60 мың юанг (9,5 мың доллар) береміз деген. Бірақ жаңадан құрылған ауылға тек 5-ақ отбасы көшіп өткен. Қалған 18 отбасы сол жылы мекен үңгірлерінде қалуды ұйғарған. Олардың айтуынша жаңа мекен өте кішкентай болып, өздерінің осынау кең мекенінен айрылып қалуды қаламайды, отбасына қаржы әкелетін кішікентай туристік бизнестерінен де айрылғысы келмейді. Өткен ғасырдың 80-жылдарында үкімет "бір отбасы – бір перзент" саясатын үңгір тұрғындары қалай жүзеге асырып жатқандығын тексеру мақсатында келген. Бұл саясат ауыл тұрғындары арасында жүзеге аспай жатқандығын көргеннен кейін заң бұзғандарды зорлықпен түсік тастауға алып кеткен. Үңгір тарихындағы ең үлкен өзгеріс бұл жерге 2002 жылы электрдің келуі болған. Бұл мәселені қытай үкіметі емес, америкалық бизнесмен Фрэнк Беддор шешкен. Ол үңгірге 2000 жылдар басында бірнеше рет келіп кеткен. Ауыл өмірін жақсарту үшін бірнеше мың доллар қайрымдылық жасаған. Ауылдағы жастар кейде ақша табу үшін алып мегаполистерге кеткенімен көп өтпей ауылдарына қайтып келеді екен.

21 маусым 2018 ж. 1 733 1

JeaCold от 28 ақпан 2019 03:52
Support Getting Viagra Fast. viagra Amoxicillin Dosage Tooth Infection Pflanzliches Viagra Potenzmittel Acquista Vardenafil

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 547

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 616

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031