Конституция
» » Бурабайда туристер үшін екі жаңа бағыт ашылады

Бурабайда туристер үшін екі жаңа бағыт ашылады

Бурабайда туристер үшін екі жаңа бағыт ашылады
Ұлттық нақыштағы ерекше шоу қашан да сұраныста!
Бурабай курорттық аймағының Call-орталығы күніне 100-ге тарта қоңырау қабылдайды. Менеджерлер тәулік бойы туристердің өтініш-тілектерін тыңдап, сұрақтарына жауап береді. Сонымен қатар оларға жаңа демалыс бағыттарын ұсынып, іс-шаралар туралы құлағдар етеді. Солардың бірі – Бурабайда киіз үйлердің фестивалі өтеді.
Туризм менеджерлерінің айтуынша, Бурабайдағы демалыс әр адамның есінде қалуы керек. Сондықтан олар сапар орталығын іске қосты. Енді ересектер кеңес алғанша, балалар жануарлар әлемін аралай алады. Жағажай да жақында. Бурабай ауданында «Жайлау» этноауылы орын тепті. Мұнда ұлттық шаралар ұйымдастырылады.
Азамат Баймұқанова, бірыңғай байланыс орталығының жетекшісі:
- Жақын арада біз киіз үйлер фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз. Оған барлық аудан қатысады. Шарада қазақтың ұлттық құндылықтарын әспеттеп, тұрмыстық дәстүрін көрсетеміз. Сонымен қатар бәйге өтеді.
Бурабай қонақ үйлеріне тәулігіне 10 мың адам тоқтайды. Табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер туристердің сүйікті орындарына айналды. Мәселен, Абылай хан алаңында Қазақстанның жер-жерінен жиналған адамдарды кездестіруге болады.
Биыл Бурабайдағы сауда нүктелері бірыңғай кейіпке енді. Туристік аймақта жол павильондары салынды. Енді екі жаңа бағыт ашылады. Олар: Байқал мен Үкілі Ыбырай жалғыз аяқжолдары.
Авторы: Айдарбек Айтмұхамбетұлы


10 маусым 2018 ж. 1 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 406
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 919

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031