» » Астана - ресейлік туристер үшін ТМД-дағы «люкс» қалалардың бірі

Астана - ресейлік туристер үшін ТМД-дағы «люкс» қалалардың бірі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ТурСат» талдау агенттігінің мәліметтері бойынша ресейлік туристердің ТМД елдеріне жасайтын көктемгі саяхаттары рейтингінде Минск, Астана және Баку көш бастап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресейде мамыр айындағы мерекелер 29 сәуірден 2 мамырға дейін, сондай-ақ 9 мамырда өтеді.
Рейтинг 2018 жылдың көктеміндегі туристік саяхаттарды талдау нәтижелеріне негізделе отырып жасалды.
ТурСаттың мәліметтеріне қарағанда, демалыс күндері саяхаттайтын ресейлік туристер ТМД қалаларын жиі таңдайды. Көктемде туристер ТМД қалаларына орташа үш күнге барып, күніне шамамен 65 доллар жұмсайды.
ТМД-да Кишинев, Бішкек және Ташкент саяхаттауға арзан қалалар болса, «люкс» турлар тізімінде Астана мен Баку көш бастады.
2018 жылғы көктемде туристер арасындағы ТМД-ның ең танымал 10 қаласы:
Минск (Беларусь)
Астана (Қазақстан)
Баку (Әзербайжан)
Ереван (Армения)
Алматы (Қазақстан)
Ташкент (Өзбекстан)
Кишинев (Молдова)
Бішкек (Қырғызстан)
Душанбе (Тәжікстан)
Ашхабад (Түрікменстан).
Астана - ресейлік туристер үшін ТМД-дағы «люкс» қалалардың бірі 
18 сәуір 2018 ж. 1 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930