» » Таиландта дәстүрлі су шашу фестивалі басталды

Таиландта дәстүрлі су шашу фестивалі басталды

Таиландта дәстүрлі су шашу фестивалі басталды
Таиландта су шашып ойнайтын дәстүрлі фестиваль басталды.
Оған адамдармен бірге пілдер де қатысады. Мерекелік күнге орай оларды әрлеп бояйды. Бұл күні алып денелі жануарлар көше кезіп, алдынан кезіккен адамның бәріне су шашады. Сондықтан бұл күні кез келген адамның суға малшынып қайтуы ғажап емес. Деректерге қарағанда, Сонгкран фестивалі таиландықтардың Жаңа жылы қарсаңында ұйымдастырылады. Қызықты шараны тамашалап, оған қатысу үшін Таиландқа жылына әлемнің әр қиырынан мыңдаған қонақ келеді. Туризм министрлігінің мәліметіне қарағанда, өткен жылы дәл осы фестиваль кезінде мемлекет қазынасына миллиард доллардай пайда түскен.
Лиам Уоллес, Ұлыбританиядан келген саяхатшы:
Өте қызық, бірақ әділетсіз екен. Су шашуға келгенде піл мен адам қалай тең түссін? Олардың жанына жақындап кетсең болды, ұзын тұмсығымен үстіңнен су төге салады.
13 сәуір 2018 ж. 1 726 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 939
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 577

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930