» » Германияда жәрмеңке қонақтарына қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды

Германияда жәрмеңке қонақтарына қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды

Германияда жәрмеңке қонақтарына қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды
Берлинде «Деликанте» деп аталатын халықаралық мәдениет күні өтті.
Оған 35 мемлекеттің өкілдері қатысты. Германиядағы Қазақстанның елшілігі де өз павильонын ұсынды. Біздің стендттен шағын киіз үй, ұлттық киім үлгілері мен домбыра, қобыз сияқты түрлі аспаптарды көруге болады. Әсіресе ұлттық тағамдарға келушілердің ықыласы ерекше. Қонақтар бауырсақ, қазы-қарта мен қымыздан дәм татты. Одан бөлек дәмі тіл үйірер қуырдақ ұсынылды. Айта кетейік, жәрмеңкеде әлемнің түрлі ұлттарының, соның ішінде өзбек палауы, парагвайлық стейк, украиндық варениктер мен Оманның шығыс тәттілері қойылды. Сондай-ақ қатысушы әрбір ел көрермендер назарына мәдени бағдарламаларын ұсынды.
Йоханнес Зелле, Бундестаг депутаты:
– Біз «Деликанте» фестивалін бесінші рет өткізіп отырмыз. Шараға елшіліктер қызығушылық танытып, белсенді атсалысып жатқанына қуаныштымын. Жәрмеңке әр елдің ұлттық тағамының дәмін татып, мәдениетімен танысуға таптырмас мүмкіндік. Қазақстандық павильонда болдым, бәрі көңілімнен шықты. Әсіресе тағамдардың дәмі тіл үйіреді.
Андреас Ян, Бундестаг халықаралық істер жөніндегі комитетінің парламенттік хатшысы:
– Қазақстан – Орталық Азиядағы Германияның басты серіктесі. Сондықтан бұл фестивальға сіздердің қатысып жатқандарыңызға қуаныштымыз. Осындай шаралар арқылы өзара ынтымақтастығымыз арта түспек. Біз үшін киіз үйдің құрылысы мен көшпенділердің тарихы қызық болды.
23 сәуір 2018 ж. 1 947 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 505

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930