» » ЭКСПО АУМАҒЫНДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ

ЭКСПО АУМАҒЫНДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ

Биыл Астанада қаласынғы ЭКСПО туристік аумағында Наурыз мейрамы алғаш рет тойланды. Ұлттық мерекеге алғашқы күннің өзінде 10 мыңнан астам адам келді.  Ұлыстың ұлы күнін мерекелеу аясында «Нұр Әлем» – «Болашақ энергиясы» мұражайының іргесіне киіз үйлер тігілді, шатырлар орнатылды. Құдды ауыл осында көшіп келгендей. Келушілер назарына ұлттық дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды дәріптейтін театрландырылған қойылымдар қойылды. Бұған қоса, спорттық ойындар ойнатылып, қазақ мәдениеті мұражайларында дәстүрлі қолөнер туындылары ұсынылды. Мереке концерттік бағдарламамен өрілді.
Мерекелік шараға шығармашылық ұжымдар, би топтары мен белгілі орындаушылар үлес қосты. Қонақтар ыстық бауырсақ пен наурыз-көжеден дәм татып, ризашылықтарын білдіріп жатты.
  Айта кетейік, Ұлыстың ұлы күні – наурыз мейрамын астаналықтар мен елорда қонақтары бұл жерде екі күн бойы тойлады. Мәселен, 22 наурыз күні ЭКСПО туристік аймағының нысандары қараңғы түскенше жұмыс істеді. Мерекеге келген қонақтар «Нұр Әлем» – «Болашақ энергиясы» мұражайы мен Үздік тәжірибелер аймағын кешкі сағат 21.00-ге, ал ЭКСПО мұз айдынын сағат 23.00-ге дейін тамашалады. Бұдан бөлек, ЭКСПО-2017 аумағында келушілердің жайлылығы үшін мың орындық жерасты автотұрағы жұмыс істеді.
  Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы көрме аяқталғаннан кейін туристік аймақтағы ЭКСПО-2017 мұрасының ең маңызды нысаны «Нұр Әлем» павильон-мұражайы болып қалды. Ол 2017 жылғы қараша айынан бастап ерекше қорғалатын мемлекеттік сәулет нысаны болып танылды.
Бүгінде «Нұр Әлем» – Сарыарқа төріндегі елорданың жаңа символы, Астананың ең жиі ескерілетін туристік нысаны қатарында екенін мақтаныш сезіммен айтамыз. Ал Үздік тәжірибелер аймағы – ЭКСПО-2017 символикалық орталығы. Мұнда ең үздік технологиялар, жобалар мен әртүрлі энергетика саласындағы стратегиялар ұсынылған. Онда өнеркәсіпте электр қуатын сақтау мен қолдану, климаттың өзгеруімен күрес немесе дамушы елдерде электр энергиясымен қамтамасыз ету жолдары қарастырылған.
Көрме кешенінің маңында Конгресс-орталығы орналасқаны мәлім. Конгресс-орталығында ауқымды мәдени ойын-сауық шаралар, тақырыптық форумдар мен концерттер өткізуге барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
Энергия холы – камералық концерттер, өнер топтарының қойылымдары үшін жоғарытехнологиялық дыбыстық құрылғыларымен жабдықталған көпфункциялы сахна алаңы.

25 наурыз 2018 ж. 1 313 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031