» » ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫН АЛЫП КЕЛЕДІ

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫН АЛЫП КЕЛЕДІ

Тегінде, құрылыс атаулының адам баласын баурайтын сиқыры болады. Әлемнің жеті кереметін алыңызшы. Родос аралындағы Күн құдайы мен Англиядағы Александрия шамшырағы ІІІ-ғасырда салынса, Галикаркостағы Мавсол патшаның табытханасы ІV-ғасырға тиесілі. Бабыл әміршісінің кіші әйеліне арнап салған аспалы бағы VІ-ғасырдан хабар береді. Эфестегі Артемида ғимараты жер бетіндегі ең үлкен ғибадатхана. Ал, Олимпиядағы Зевс мүсіні мен Париждегі Эйфель мұнарасы, сондай-ақ Мысыр пирамидалары қанша ғасыр өтсе де мұрты шағылмай бүгінгі күнге жетті. Жас болса да аспанмен таласып, бірегей құрылысымен бүткіл елді өзіне қаратқан «Бәйтерек» монументі де иісі қазақ үшін қастерлі.
Кез келген азамат елі мен жерінің көктеп-көгергенін қалайды. Әсіресе, бұл тұрғыда қала құрылысы мен сәулетінің орны айрықша. Себебі, елдің елдігі, болашақ ұстыны – оның құрылысынан білінбек. Сыр өңірі бұл бағытта еліміз бойынша көш бастап тұр. Бұрын-соңды болмаған іргелі құрылыс жұмыстары басталып, сол жағалау бой көтеруде. Пәтер кезегінде тұрған мыңдаған тұрғындар баспаналы болып, жылы үйдің жайын сезінуде. Мұндай игілікті өз өңірімізден де көруге болады.
Үстіміздегі жылдың алты айында аудан құрылысына 5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның ішінде, даралап айтсақ, республикалық бюджеттен 3 млрд., облыс бюджетінен 2 млрд. теңгеден аса қаражат қаралған. Биыл қармақшылықтар үшін құрылыс саласы жетістікке толы жыл болды. Білім саласында 4 бірдей құрылыс нысаны пайдалануға берілді. Атап айтқанда, құны 183 млн. теңге болатын Иіркөл ауылындағы «Самал», құны 188 млн. теңгені құрайтын Төребай би елді мекеніндегі «Ақкөгершін» балабақшалары пайдалануға берілді. Осындай ел игіліне асқан келесі құрылыс нысаны – Жосалы кентіндегі 300 орындық жаңа №183 орта мектеп ғимараты соңғы қоңырау салтанатында аймақ басшысының қатысуымен тұсауын кессе, Төретамнан халықтың көптен күткен Денешынықтыру-сауықтыру кешені елге тарту етілді. Соңғы жылдары аудан тұрғындары арасында балалардың демалыс лагері түйіткілді мәселе болып келген. Бұрынғы лагерь жаз мезгілінде ғана жұмыс істеуге құзырлы болса, енді міне өткен жылы қыс, жаз уақытында балалар тынығатын лагерь құрылысы жұмысын бастады. Былтыр оған 100 млн. теңге қаралса, биыл 200 млн. теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
– Лагерь құрылысының жұмысына 40 адам тартылса, оның 30-дан астамы жергілікті тұрғындар. Айлығы уақытылы. 80-90 мың теңге төңірегінде алады. Құрылыс сапасы өте жақсы. Бұйырса, нысанды уақытылы тапсырамыз, – дейді мердігер компания «Промстройсервис – Е» ЖШС-ның бөлімше бастығы Мерзак Сәдуақасов.
Ел экономикасының нығаюында кәсіпкерліктің үлес салмағы көп болуы тиіс. Бұл мемлекет басшысының алға қойып отырған басты міндеттерінің бірі. Өйткені, кез келген өркениетті мемлекеттің экономикасы оның нарықтағы сындарлы салмағымен өлшенеді. Ал, нарық дегеніміз – кәсіпкерлік, алып-сатарлық емес. Ол үшін бізге елді жұмыспен қамтамасыз ететін әрі аудан әлеуетінің артуына септігін тигізетін ірі кәсіпорын қажет. Өңір егін және мал шаруашылығына жайлы болғандықтан, осы жылы Ақтөбе ауылынан жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының құрылысы басталды. Жоба құны – 1 млрд. 900 млн. теңгені құрайды. Биылға 560 млн. теңгенің қаржысы бөлініп, бүгінгі күні «General Констракшин Сервис» ЖШС құрылыс жұмысын жүргізуде.
Есепті кезеңде ауданда 9590 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ол 100,4 пайызды құрады. Атап айтарлығы, құрылыс жұмысының көлемі – 2 млрд. 500 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,7 есеге артқан.
Сөз басында өңірде құрылыс қарқынының артқанын бекерге айтпадық. Байқоңыр – қашан да Қазақ елінің асқақ айбыны, жерұйығы. Ғарышкерлер қаласын абаттандыру мен қала келбетін көріктендіру – Елбасы назарындағы негізгі мәселенің бірі. 2017 жыл – байқоңырлықтар үшін айтарлықтай жыл болды. Кеңес үкіметі ыдырағаннан бері қалада тұрғын үй мәселесінде мұндай үлкен серпіліс болған емес-ті. Ғарышкерлер қаласынан 50 пәтерлік 5 тұрғын үйдің іргетасының қалануы – елеулі оқиға болды. Оның құрылыс жұмысын бастауға 2017 жылы 25 млн., 2018 жылға 2 млрд. 7 млн. теңге қаржы бөлінді. Мердігер мекемелермен келісім-шарт жасалып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Істің аяқталғанынан басталғанына сүйсінетін сырбаз мінезді қазақтың қарашаңырақты болатын күні де алыс емес.
ТҮЙІН
Қала, кент құрылысы – сәулеттік сұлулық қана емес, сонымен қатар қатпарлы тарихымыздың да бір бөлшегі. Тарих – ұлттың өткен жолы, мәдениеті мен салт-дәстүрі. Қорқыт ата, Марал ишан, Ахмет Иасауи, Арыстан баб кешені – кешегі өткен бабалар жолын еске салады. Бүгінсіз – ертең, өткенсіз – болашақ жоқ. Әйтпесе, Сортөбенің сырына, Шірік-Рабаттың ішке бүккен құпиясына қанығар ма едік? Құрылыс, бұл – аманат. Аға буынның өзінен кейінгі ұрпағына қалдырар адал аманаты. Аманатқа – адал болайық.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
04 тамыз 2018 ж. 2 353 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031