» » Қызылорда облысы қала құрылысы кадастрын қалыптастыруда оң нәтиже көрсетті

Қызылорда облысы қала құрылысы кадастрын қалыптастыруда оң нәтиже көрсетті

Қызылорда облысы қала құрылысы кадастрын қалыптастыруда оң нәтиже көрсетті Еліміз бойынша қала құрылысы кадастрын қалыптастыруда Қызылорда облысы оң нәтиже көрсетіп отыр.
Өңірде 7 аудан 250-ден астам елді мекеннің құжаты толық цифрландырылған. Қазір іс-қағаздары тиісті республикалық мекемеге тапсырылды. Ал бірқатар аймақта бұл жұмыс алға баспай тұр. Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды сияқты облыстарда қала құрылысы кадастрына қатысты шаралар әлі де жандандыра түсуді қажет етеді. Бұл туралы Үкіметте өткен индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуын талқылаған баспасөз мәслихатында арлады. Сала мамандарының айтуынша, қала құрылысы қағидасы мекемелер мен азаматтар үшін ашықтықты, жариялықты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар құрылыс салу мен жобалау жұмыстарын жеңілдете түседі.
Мархабат Жайымбетов, ҚР ИДМ Құрылыс және ТҮКШІ комитетінің төрағасы:
– Бұрын бір құжатты дайындауға 3 айлап жүретін болса, қазір біз регламент бекіттік. Құрылыстың күрделілігіне байланысты 6 күннен 15 күн аралығында құжаттар дайындалу керек. Бірақ дегенмен де табиғи монополиялармен мәселелер бар. Мәселен, жылу беретін, су беретін, электр жарығын беретін мекемелермен мәселелер бар.

28 наурыз 2018 ж. 1 868 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 745
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 110

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 474

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031