» » Қызылорда облысы қала құрылысы кадастрын қалыптастыруда оң нәтиже көрсетті

Қызылорда облысы қала құрылысы кадастрын қалыптастыруда оң нәтиже көрсетті

Еліміз бойынша қала құрылысы кадастрын қалыптастыруда Қызылорда облысы оң нәтиже көрсетіп отыр. Өңірде 7 аудан 250-ден астам елді мекеннің құжаты толық цифрландырылған. Қазір іс-қағаздары тиісті республикалық мекемеге тапсырылды. Ал бірқатар аймақта бұл жұмыс алға баспай тұр. Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды сияқты облыстарда қала құрылысы кадастрына қатысты шаралар әлі де жандандыра түсуді қажет етеді. Бұл туралы Үкіметте өткен индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуын талқылаған баспасөз мәслихатында арлады. Сала мамандарының айтуынша, қала құрылысы қағидасы мекемелер мен азаматтар үшін ашықтықты, жариялықты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар құрылыс салу мен жобалау жұмыстарын жеңілдете түседі. Мархабат Жайымбетов, ҚР ИДМ Құрылыс және ТҮКШІ комитетінің төрағасы: – Бұрын бір құжатты дайындауға 3 айлап жүретін болса, қазір біз регламент бекіттік. Құрылыстың күрделілігіне байланысты 6 күннен 15 күн аралығында құжаттар дайындалу керек. Бірақ дегенмен де табиғи монополиялармен мәселелер бар. Мәселен, жылу беретін, су беретін, электр жарығын беретін мекемелермен мәселелер бар.

27 наурыз 2018 ж. 1 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 886
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 544

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930