ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮНДІК БЕЛСЕНДІ АКЦИЯ
Бүгін Қармақшы аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» республикалық акциясы аясында колледждің 1-курс студенттерімен кездесу өтті.
Шараға арнайы келген Отбасын қолдау орталығының мамандары мен Жастар денсаулық орталығының қызметкерлері білім алушыларға кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жастар арасындағы құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингтен қорғану жолдары, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған кезде жүгінуге болатын құқықтық, медициналық және психологиялық көмек түрлері туралы маңызды ақпараттар берілді. Мамандар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, сенім телефондары көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратты.
Зорлық-зомбылықсыз болашақ – саналы ұрпақтың қолында! Әрбір жас өзінің құқығын біліп, қауіпсіз ортада білім алуға лайықты!















