«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн»
qarmaqshy-tany.kz Бүгін 06 - желтоқсан күні «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты 26-қараша мен 10-желтоқсан аралығында өтіп жатқан 16 күндік акция аясында Жосалы кентіндегі №26 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 9-10 сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Бұл іс-шараға: аудандық полиция бөлімінің ЖПҚб-нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының жетекшісі, полиция капитаны А.Касимова, білім бөлімінің бас әдіскері А.Тоқшылықова, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» кабинетінің маманы Д.Құлмырзаева, аудандық емхананың фельдшері А.Ысқақ және «Жастар Ресурстық Орталығының» мамандары Ж.Ильясов және Р.Бахытжандар қатысты. Кездесуде жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың, буллинг, кибербуллингтің алдын алу, жасөспірімдер құқығы жайлы, беймезгіл уақыттарда ата-анасыз немесе заңды өкілісіз көшеде, ойын-сауық орталықтарында, дүкендерде, көпшілік орындарда жүрмеуін түсіндіру мақсатында,зиянды әдеттерден бас тарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында сала мамандары көптеген мағлұматтар беріп, отбасындағы жасөсіпірімдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу және темекі шегудің зияндылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар,мектеп оқушыларының арнайы осы тақырыпқа дайындаған тәжірибелері, қойылымдары назарға ұсынылды.
Кездесу соңында оқушылар тарапынан өздерін толғандыратын сұрақтары қойылып,жауаптар берілді. Бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды. Нашақорлықтың алдын алуда тренингтер жасалды.
Денсаулықты күту - болашағыңа салынған инвестиция екенін ұқ!
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетер заяға...