» » ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН

ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН


Қармақшы ауданында гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл акциясы аясында кеңейтілген дөңгелек үстел-конференция өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның себеп-салдарын талдау, құқықтық мәдениетті күшейту және мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігін арттыру.

Дөңгелек үстелде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес, отбасылық қарым-қатынастардағы құқықтық нормалардың сақталуы, жәбірленушілерді қорғау тетіктері, сондай-ақ алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру бағытындағы мәселелер жан-жақты қарастырылды.

Конференцияға құқық қорғау органдары, ҮЕҰ мүшелері мен жергілікті қоғам белсенділері қатысты. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, проблемалық тұстарды атап өтіп, жағдайды жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Сонымен қатар, отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы, жасөспірімдер арасында құқықтық білімді арттыру, қоғамда нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру жайы да кеңінен талқыланды.

Іс-шара соңында қатысушылар бірлескен іс-қимылдарды жалғастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кешенді шараларды күшейту және тұрғындармен жүйелі түрде жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.

Бұл дөңгелек үстел акция аясындағы маңызды іс-шаралардың бірі болып, қоғамдағы қауіпсіздік пен теңдік мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосты.

10 желтоқсан 2025 ж. 204 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 126

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930