БІЛІМ САЛАСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН ЖОЛДАУ БАСЫМДЫҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Әділет» партиясы Байқоңыр филиалының «Бірлік» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен және білім саласының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында «Бірлік» БПҰ төрағасы Өркен Камаладин сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының Жолдауында білім беру саласына жүктелген міндеттерге тоқталды. Ол білім сапасын арттыру, заманауи білім беру тәсілдерін енгізу және педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсету мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.
Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған білім беру саласының негізгі міндеттері мен басым бағыттары кеңінен талқыланды.
Әсіресе, білім сапасын арттыру, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, педагогтердің кәсіби әлеуетін қолдау, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар, білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары жөнінде пікір алмасып, сала өкілдерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Кездесу қорытындысында білім беру жүйесін дамыту елдің адами капиталын қалыптастырудың маңызды шарты екені атап өтілді. Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда білім саласы мамандарының тәжірибесі мен кәсіби біліктілігінің маңызы ерекше екені айтылды.















