ЖОЛДАУДАҒЫ МІНДЕТТЕР МЕН БАСЫМДЫҚТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттер мен басым бағыттарды түсіндіру мақсатында «Әділет» партиясы Байқоңыр филиалының «Төретам» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен, білім беру саласының өкілдерімен және спортшылармен кездесу өткізілді.
Кездесуге «Әділет» партиясы Байқоңыр филиалының төрағасы Мақсат Есбенбетов,
партия филиалының «Төретам» БПҰ төрағасы Жасұлан Тәжібаев, «Жастар Рухы» ЖҚ Байқоңыр қалалық бөлімшесінің жетекшісі Ақан Ибрашов қатысты.
Шара барысында Президент Жолдауында көтерілген білім сапасын арттыру, адами капиталды дамыту, өскелең ұрпақтың әлеуетін ашу, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Білім беру саласы бойынша білікті мамандар даярлау, заманауи білім беру ортасын қалыптастыру, жастардың кәсіби және зияткерлік дамуына жағдай жасау мәселелері сөз болды. Сонымен қатар спорт саласын дамыту, бұқаралық спортты кеңінен насихаттау, спорт инфрақұрылымын жетілдіру және жас спортшыларды қолдау бағыттары талқыланды.
Бұдан бөлек, бастауыш партия ұйымдарының Жолдауда айқындалған міндеттерді жергілікті деңгейде іске асыруға атсалысу мәселелері қозғалды.
Кездесу барысында қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.
Білім беру мен спортты дамыту, өскелең ұрпақтың сапалы білім алып, жан-жақты қалыптасуына жағдай жасау – ел болашағына бағытталған маңызды міндеттердің бірі. Ал осы міндеттерді жүзеге асыруға атсалысу – баршамызға ортақ жауапкершілік.














