ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: ЖАҢА МІНДЕТТЕР МЕН БАСЫМДЫҚТАР

Бүгін «Президент Жолдауы: жаңа міндеттер мен басымдықтар» тақырыбында іс-шара өтті.
Жиынға «Әділет» партиясы Байқоңыр филиалының төрағасы Мақсат Есбенбетов, партия филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Сейл Жұмадьяров, «Жастар Рухы» жастар қанатының Байқоңыр қалалық бөлімшесінің жетекшісі Ақан Ибрашов және «Бәйтерек» бастауыш партия ұйымының төрағасы Гүлзира Жадиева қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басым бағыттардың маңызын түсіндіру, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру жолдарын саралау және ел дамуына қатысты өзекті мәселелердің мәнін ашу.
Кездесу барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру, білім беру мен ғылым саласын жетілдіру, цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, заманауи технологияларды тиімді пайдалану, адами капиталды дамыту және өскелең ұрпаққа сапалы білім беру арқылы елдің болашақтағы дамуына берік негіз қалыптастырудың маңыздылығы сөз болды.
«Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда әрбір саланың өзіндік жауапкершілігі бар. Әсіресе, білім беру сапасын арттыру, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу, еңбек нарығының талаптарына сай мамандар даярлау және цифрлық сауаттылықты дамыту – уақыт талабынан туындаған маңызды міндеттер. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және қоғамның тұрақты дамуына ықпал етеді», – деді Мақсат Есбенбетов.
Шара қорытындысында ел дамуының басым бағыттарын іске асыру нақты іс-қимылды, жауапкершілікті және жүйелі жұмысты талап ететіні айтылды. Әр салада белгіленген міндеттерді сапалы орындау – ортақ мақсаттарға қол жеткізудің маңызды шарты.
Президент Жолдауы – еліміздің болашақ даму бағдарын айқындайтын маңызды құжат. Онда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру экономиканы нығайтуға, әлеуметтік саланы дамытуға, жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
















