«ЖОЛДАУ ЖАСТАР КӨЗІМЕН»: ЖАСТАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
Бүгін «Жолдау жастар көзімен» тақырыбында жастармен ашық диалог форматында кездесу өтті.
Кездесуге «Әділет» партиясы Байқоңыр филиалының төрағасы Мақсат Есбенбетов, «Білім» бастауыш партия ұйымының төрағасы Жадыра Садыкова және «Жастар Рухы» жастар қанаты Байқоңыр қалалық бөлімшесінің жетекшісі Ақан Ибрашов қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының 2026 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген басым бағыттарды жастар арасында кеңінен талқылау, олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау.
Ашық әңгіме барысында білім беру, цифрландыру, жасанды интеллект, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту және жастардың қоғамдағы рөлі туралы өзекті мәселелер қозғалды.
Қатысушылар жастардың сұрақтарына жауап беріп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жас ұрпақтың алдында тұрған мүмкіндіктер туралы пікір алмасты.
Кездесу барысында жастар өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ел болашағына қатысты ұсыныстарын білдірді.
Жолдау – болашаққа бағытталған нақты бағдар. Ал сол болашақтың қалыптасуына жастардың білімі, белсенділігі мен бастамашылдығы тікелей ықпал етеді.
Жастардың пікірі маңызды, олардың бастамасы – болашаққа бастар жол!