Мәслихаттар сайлауы
» » БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ЖОЛДАУДАҒЫ БАСЫМДЫҚТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ЖОЛДАУДАҒЫ БАСЫМДЫҚТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ


Бүгін "Әділет" партиясы Байқоңыр филиалының төрағасы Мақсат Есбенбетов, партия филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Сейл Жұмадьяров білім беру саласының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған негізгі міндеттер мен басым бағыттар таныстырылды.

Талқылау барысында білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби әлеуетін қолдау, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, цифрландыру мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу үдерісіне енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, білім саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелер мен алдағы міндеттер жөнінде пікір алмасып, сала өкілдерінің ұсыныстары мен ой-пікірлері тыңдалды.

Білім беру саласын дамыту – елдің адами капиталын қалыптастырудың және болашақ ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды шарты. Осы бағыттағы жұмыстарды қолдау мен сала мамандарының ұсыныстарын назарға алу өзектілігін жоғалтпайды.
12 қараша 2026 ж. 39 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 311
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 457

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30