МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕР МЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндіру және денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында сала өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуге «Әділет» партиясы Байқоңыр филиалының төрағасы Мақсат Есбенбетов, партия филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Сейл Жұмадяров және «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ержан Игенбаев қатысты.
Кездесу барысында Мақсат Есбенбетов Жолдауда айқындалған басымдықтарға тоқталып, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бағытталған міндеттердің маңыздылығын атап өтті.
«Денсаулық сақтау саласын дамыту – мемлекет саясатының маңызды басымдықтарының бірі. Мемлекет басшысы Жолдауында медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, аурулардың алдын алу, ерте диагностикалау, медициналық инфрақұрылымды жаңарту және саланы цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Бұл міндеттерді жүзеге асыруда медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен тәжірибесі айрықша маңызға ие. Сонымен қатар тұрғындардың медициналық қызметке деген сұранысын ескеріп, саладағы өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешу қажет. Ол үшін медицина мамандарымен тұрақты диалог орнатып, олардың ұсыныстарын назарға алу маңызды», – деді Мақсат Есбенбетов.
Өз кезегінде Сейл Жұмадяров Жолдауда денсаулық сақтау саласына қатысты белгіленген міндеттерді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, медициналық қызмет сапасын арттыру, заманауи технологияларды енгізу және халыққа қолжетімді медициналық көмек көрсету мәселелерін атап өтіп, саладағы өзекті мәселелерді шешу жөнінде пікір білдірді.
Сондай-ақ медицина қызметкерлері күнделікті жұмыс барысында кездесетін мәселелерді ортаға салып, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, кадрлық әлеуетті нығайту және материалдық-техникалық базаны жетілдіру бағытында өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.