Мәслихаттар сайлауы
» » БАЛАЛАРДАҒЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚ АУРУЫНАН САҚ БОЛАЙЫҚ!

БАЛАЛАРДАҒЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚ АУРУЫНАН САҚ БОЛАЙЫҚ!

Соңғы уақытта аудан көлемінде балалар арасында терінің саңырауқұлақ аурулары – дерматофитияның тіркелуі жиілеп отыр. Осыған байланысты тұрғындар арасында түсіндіру жұмысын жүргізу қажет деп таптық.
Дерматофития – тері, шаш және тырнақты зақымдайтын жұқпалы ауру. Халық арасында «теміреткі» деп те атайды. Ауру көбіне 3-12 жастағы балаларда кездеседі.
Ауру қалай жұғады? Ауру адамнан – ортақ бас киім, тарақ, сүлгі, төсек арқылы. Жануардан – әсіресе қараусыз қалған мысықтар мен иттерден. Шаштаразда – залалсыздандырылмаған машинка арқылы.
Белгілері қандай дегенге келсек, тегіс теріде домалақ, қызғылт, қышитын, қабыршақтанған дақ. Бас терісінде шаш 3-5 мм биіктіктен сынады, тазды дақ пайда болады. Тырнақ та қалыңдап, сарғайып, сынғыш болады.
Егер балаңызда осындай белгілер болса, өз бетіңізше емдемеңіз! Дереу дерматологқа қаралыңыз. Ауру арнайы шаммен (Вуд шамы) және микроскоппен ғана анықталады. Ауру баланы мектепке, балабақшаға жібермеңіз. Оның киімдерін бөлек жуып, қайнатып, үтіктеңіз. Балаға қаңғыбас жануарларды ұстауға рұқсат етпеңіз. Әр баланың жеке гигиеналық заттары болсын. Үй жануарларын ветеринарға көрсетіңіз. Баланың қолын сабынмен жиі жууға үйретіңіз.
Құрметті ата-аналар! Тазалық – денсаулық кепілі!
Айткүл БАЛМАХАНОВА,
аудандық емхананың тері-венерологиялық кабинет дәрігері
15 қараша 2026 ж. 19 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 350
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 486

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30