» » Менингококк инфекциясы – тез таралатын қауіпті дерт

Менингококк инфекциясы – тез таралатын қауіпті дерт

Менингококк инфекциясы – Neisseria meningitidis бактериясынан туындайтын ауыр ауру. Бұл дерт көбіне адамнан адамға тыныс жолдары арқылы жұғады және жасөспірімдер мен жастар арасында жиі кездеседі. Ауру кенеттен басталып, жоғары температура, бас ауырсыны, мойын қаттылығы, құсу және теріде қызыл дақтар пайда болуымен сипатталады.
Ең қауіпті формалары – ми қабынуы (менингит) және қан арқылы таралатын сепсис. Уақытында емделмеген жағдайда бұл ауру өмірге қатер төндіруі мүмкін. Диагностикасы лабораториялық талдаулар арқылы жүргізіледі, ал емдеуі тек ауруханада, антибиотиктер арқылы жүзеге асады.
Профилактика маңызды: вакциналау, жеке гигиена сақтау және тығыз байланыстан аулақ болу инфекцияның алдын алуға көмектеседі. Менингококковая инфекцияны елемеу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, сондықтан белгілері байқалғанда дереу дәрігерге жүгіну қажет.
Қ.Құрақбаева,
Қармақшы аудандық СЭБ басқармасының
жетекші маманы 
24 қазан 2025 ж. 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30