» » Менингит ауруының алдын алу

Менингит ауруының алдын алу

Менингит «миқұрт» - бұл миды және жұлынды жауып тұратын қабықшаның бактериалды қабынуы.
Менингит - бұл адам денсаулығы үшін өте қауіпті ауру, онда жұлын мен мидың қабынуы пайда болады. Егер емдеу уақытында болмаса, онда саңырау, эпилепсия және ішкі ағзалардың зақымдануы сияқты салдары болады. Балаларды асқыну ретінде ақыл-ой кемістігі бастауы мүмкін.

Себептері мен белгілері.
Аурудың жұғу жолы қоздырғыштың түріне байланысты. Менингит тудыратын бактериялардың көпшілігі менингококк, пневмококк адамның мұрын - жұтқыншақтың шырышты қабығында болып түшкіргенде, сөйлегенде ауа тамшылы жолмен таралады. Менингит жоғары температурасыз болмайды, ауру әрдайым қызба мен интоксикацияны тудырады. Адам миының қабынуы басталатынын анықтайтын алғашқы белгілерінің бірі.

Белгілері келесі көріністермен жүреді:
- Қатты бас ауыру;
- Дыбыстарға төзбеушілік фотофобия;
- Жүрек айну және құсу, іш өту;
- Өте қатты әлсіздік байқалады;
- Шатасу, ұйқышылдық немесе қатты қозу, мазасыздық;
- Дененің сезімталдығының артуы.

Алдын алу.
Менингитті алдын-алу уақытында вакцинациядан тұрады. Вакцинациялау менингитке әкелетін бірқатар аурулардың алдын алады. Жеке бас гигиена шараларын сақтау, салауатты өмір салтын ұстану қажет, себебі бұл иммунитеттің табиғи қорғанысын арттырады.
- Ғимараттарды жиі желдетіп, күн сайын ылғалды тазалау;
- Созылмалы инфекция кезінде ЛОР ағзаларын тазалау;
- Қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;
- Ашығу, ұйқы қанбау, күйзелу және т.б.аулақ болу.
Г.М.Төлепбергенова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы 
15 қаңтар 2025 ж. 262 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 388
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930