» » Менингит ауруының алдын алыңыз

Менингит ауруының алдын алыңыз

Менингит, қазақша «миқұрт» – бұл миды және жұлынды жауып тұратын қабықшаның бактериалды қабынуы. Ауру қоздырғышы бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар және паразиттер болуы мүмкін. Көп жағдайда инфекция адамнан адамға жұғады. Менингитпен кез келген жастағы адамдар ауыруы мүмкін, бірақ көбіне қауіптілік тобына 14 жасқа дейінгі балалар жатады. Ауру кез келген қабынудың асқынуы ретінде жүреді, бірақ тәуелсіз ауру болуы да мүмкін. Егер емдеу уақытында болмаса, онда саңырау, эпилепсия, көздің көрмеуі, сөйлеу қабілетінің бұзылысы және ішкі ағзалардың зақымдануы сияқты салдары кездеседі. Балаларда асқыну ретінде ақыл-ой кемістігі басталуы мүмкін.
Аурудың жұғу жолы қоздырғыштың түріне байланысты. Менингит тудыратын бактериялардың көпшілігі менингококк, пневмококк адамның мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабығында болып түшкіргенде, сөйлегенде ауа тамшылы жолмен таралады. Менингит жоғары температурасыз болмай- ды, ауру әрдайым қызба мен интоксикацияны тудырады. Көрсеткіштердің жоғарылауы, әдетте 40 градусқа дейін болады. Бұл адам миының қабынуы басталатынын анықтайтын алғашқы белгілерінің бірі.
Белгілері келесі көріністермен жүреді:
– қатты бас ауыру;
– дыбыстарға төзбеушілік, фотофобия;
– жүрек айну және құсу, іш өту;
– өте қатты әлсіздік байқалады;
– шатасу, ұйқышылдық, мазасыздық;
– дененің сезімталдығының артуы.
Менингиттің алдын алуда уақытылы вакцина жасау маңызды. Вакцинациялау менингитке әкелетін бірқатар аурудың алдын алады. Жеке бас гигиена шараларын сақтау, салауатты өмір салтын ұстану қажет, себебі бұл иммунитеттің табиғи қорғанысын арттырады.
Г.ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
09 маусым 2024 ж. 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 740
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031