Мәслихаттар сайлауы
» » «ҚАУІПСІЗ ОРТА — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ: ӨЗІҢДІ ҚОРҒА, ӨЗГЕНІ ҚҰРМЕТТЕ!»

«ҚАУІПСІЗ ОРТА — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ: ӨЗІҢДІ ҚОРҒА, ӨЗГЕНІ ҚҰРМЕТТЕ!»

2026 жылғы 19 қазаннан бастап Қармақшы аудандық отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізілді.

Кездесулер А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектепте және Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде 8–10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.

Іс-шараға Жастар денсаулық орталығының психологы Ә.Тахирқызы және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Е.Ерболұлы қатысты.

Кездесу барысында жасөспірімдерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, жеке шекараны сақтау, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, интернет қауіпсіздігі, құрдастар арасындағы сыйластық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру тақырыптары түсіндірілді.

Сонымен қатар оқушылармен интерактивті сұрақ-жауап және психологиялық тренинг өткізіліп, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау, өз құқығын қорғау және қажетті жағдайда көмекке жүгіну жолдары талқыланды.

Басты мақсат — әрбір жасөспірімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетін арттыру және өзара құрметке негізделген орта қалыптастыру.

Әр бала құрметке лайық. Қауіпсіз болашақ — ортақ жауапкершілік!

22 қазан 2026 ж. 112 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 303
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 453

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30