ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ
С.Есқараев атындағы №27 орта мектебінде Қармақшы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 9–11 сынып оқушылары арасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдерге құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, буллинг пен кибербуллингтің, нашақорлықтың, лудоманияның, интернет-алаяқтықтың және вандализмнің алдын алу, сондай-ақ оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шараға аудандық прокуратура прокуроры Ә.Сәду, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары О.Есжанов, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Әлиев және аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықов қатысты.
Сала мамандары оқушыларға құқық бұзушылықтың салдары, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, буллинг пен кибербуллингке қарсы әрекет ету, зиянды әдеттерден аулақ болу, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік және алаяқтық әрекеттерден сақтану жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында тақырыпқа қатысты бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар өз пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ жасөспірімдер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.
Профилактикалық кездесудің басты мәні – жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қауіптің алдын алу және қауіпсіз орта құруға бағытталған бірлескен жұмыстың маңызын түсіндіру.
Құқық бұзушылықтың алдын алу – тек мамандардың ғана емес, ата-ана, мектеп және қоғамның ортақ міндеті.

















