» » «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі»

«Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі»


Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің оқушыларымен Қармақшы ауданы прокуратурасының, полиция бөлімінің және аудандық білім бөлімінің басшыларымен «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ауқымды профилактикалық іс-шара өткізілді.

Кездесу барысында жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіп, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне жол бермеу, жол-көлік қауіпсіздігі, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін білу, заңды құрметтеу, қауіпсіздік талаптарын сақтау және құқық бұзушылыққа бейжай қарамау қажеттігі түсіндірілді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, заңға деген құрметті арттыру және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету.

Заң мен тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың міндеті, ал қауіпсіз балалық шақ – баршамызға ортақ жауапкершілік!

18 қыркүйек 2026 ж. 96 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 033
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 258

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031