» » ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында №121 орта мектеп базасында «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді.

Кездесуге аудан прокуратурасының прокуроры Сәду Әділет Сағымбекұлы, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Мағауия Әлиев, Қармақшы аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға:
құқық бұзушылықтың алдын алу;
заң алдындағы жауапкершілік;
қоғамдық тәртіпті сақтау;
буллинг пен кибербуллингтің алдын алу;
интернеттегі қауіпсіздік;
қауіпсіз мінез-құлық қағидалары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мамандар жасөспірімдерге өз құқықтары мен міндеттерін білу, заң талаптарын сақтау, қоғамдық ортада тәртіп пен әдеп нормаларын ұстану және әрбір іс-әрекетіне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында оқушылар түрлі жағдаяттарды талдап, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарын қарастырды. Белсенді пікір алмасып, өз ойларын ортаға салып, кері байланыс берді.

Қауіпсіз орта қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет!

11 қыркүйек 2026 ж. 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 128
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 323

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031