» » «ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ – ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП»

«ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ – ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП»


Білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Қауіпсіз қоғам – қауіпсіз мектеп» тақырыбында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды кездесу өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын түсіндіру, жасөспірімдердің жауапкершілік сезімін қалыптастыру және мектепте қауіпсіз орта құру.
Кездесуге аудан прокуратурасының прокуроры Сәду Әділет Сағымбекұлы, аудандық білім саласы бойынша ата-аналар комитетінің төрайымы Жұмабаева Талмаш Жұмабайқызы, сондай-ақ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Жұбатканова Мадина Зауытбайқызы қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, заң алдындағы жауапкершілік, қоғамдық тәртіпті сақтау, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, интернеттегі қауіпсіздік және қауіпсіз мінез-құлық қағидалары туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мамандар жасөспірімдерге өз құқықтары мен міндеттерін білу, заң талаптарын сақтау, қоғамдық ортада тәртіп пен әдеп нормаларын ұстану, әрбір іс-әрекетке жауапкершілікпен қарау қажеттігін атап өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты әрі пайдалы жауаптар алды.
Осындай кездесулер – мектеп, ата-ана және құқық қорғау органдары арасындағы өзара байланысты нығайтып, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, олардың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Қауіпсіз мектеп – қауіпсіз қоғамның негізі!

10 қыркүйек 2026 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 804
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 091

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930