Заң мен тәртіп: жасөспірімдер арасында профилактикалық жиын өткізілді
«Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында профилактикалық жиын өткізілді.
Жиын барысында жасөспірімдерге құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, буллинг пен кибербуллингке жол бермеу, зиянды әдеттерден аулақ болу, интернет желісіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу кезінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттеріне де ерекше назар аударылды. Жасөспірімдерге заң талаптарын бұзған жағдайда қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік түрлері түсіндіріліп, заңды сақтау мен құқықтық тәртіпті құрметтеудің маңыздылығы айтылды.
Сонымен қатар, балаларға өздері немесе қатарластары кез келген келеңсіз жағдайға тап болған кезде оған бейжай қарамай, дер кезінде ата-анасына, педагогтерге немесе тиісті мамандарға хабарласу қажеттігі түсіндірілді.
Профилактикалық жиын барысында жасөспірімдер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар алды.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға, заң талаптарын құрметтеуге және «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстануға бағытталған.

















