Мәслихаттар сайлауы
» » КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Бүгін аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Мәжілісті аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықов төрағалық етті.

Күн тәртібінде жоспарлы және қосымша бағыттарында 6 мәселе қаралды. Алдымен Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі директорының міндетін атқарушы Әбдікәрім Жұбатқанұлы кәмелетке толмаған оқушылардың білім алуы, денсаулық жағдайы және отбасындағы әлеуметтік-психологиялық ахуалына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Ал балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу жөніндегі жүйелі жұмыстардың жай-күйі туралы №274 орта мектеп директоры Гүлзира Жадиева және аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары Пәрида Сарыбаева ақпарат берді.

Сондай-ақ девиантты мінез-құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу мәселесі қаралып, білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков баяндаса, №183 орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жақпанова Гүлмира балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қатысты мәселелерді атап өтті.

Комиссия отырысының соңғы мәселесі бойынша оқу жылының басында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Оспан Ешжанов баяндама жасады.

Қаралған мәселелердің барлығы бала құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан жан-жақты талқыланды.

Жиын қорытындысымен жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылауға алу тапсырылды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

29 қыркүйек 2026 ж. 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 302
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 451

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30