» » ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Бейсенбі күні Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде бала тәрбиесіндегі ата-ана, мектеп және қоғамның ортақ жауапкершілігін арттыруға бағытталған аудандық ата-аналар жиналысы өтті. Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен басқосуда жас ұрпақтың қауіпсіздігі, құқықтық сауаттылығы мен рухани тәрбиесі кеңінен талқыланды.
«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы: бала тәрбиесіндегі ата-ана, мектеп және қоғамның ортақ жауапкершілігі» тақырыбындағы жиынның мақсаты – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту және «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», «Адал еңбек» қағидаттарын насихаттау.
Жиынды аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков жүргізіп, ата-ананың бала қалыптастырудағы орнына, мектеппен тығыз қарым-қатынас орнатудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде баяндады.
Кездесуге аудандық прокуратураның прокуроры Әділет Сағымбекұлы, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Оспан Ешжанов, облыстық психологиялық қолдау орталығының әдістемелік кабинет меңгерушісі Жания Бисенова, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Мағауия Әлиев, аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Парида Ергешқызы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Қайнар Далдиев және аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раева қатысты.
Жиында сала мамандары бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу, алаяқтықтан сақтану және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша ақпарат берді. Бұған қоса жасөспірімдердің психологиялық әл-ауқаты, рухани құндылықтарды бойына сіңіру және кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жайы сөз болды.
Отбасындағы тәрбиенің бала болашағына ықпалы, ата-ананың перзент алдындағы міндеті мен жасөспірімдерге дұрыс бағыт-бағдар берудің қажеттілігі де назардан тыс қалмады. Қатысушылар бала тәрбиесінде немқұрайлылыққа жол бермей, оның мінез-құлқы мен ортасына мән берудің маңызын талқылады.
Жиынды қорытындылаған аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Съездұлы ата-аналармен бірлескен жұмысты жандандырып, білім беру ұйымдарымен тығыз байланыс орнату және ата-аналар комитеттерінің жұмысын үйлестіру қажеттігіне тоқталды. Басқосу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелерді ортаға салды.
Ұрпақ тәрбиесі – бір ғана отбасының емес, тұтас қоғамның ортақ міндеті. Отбасындағы өнеге, мектептегі білім мен қоғамдық ортадағы тәрбие өзара сабақтасқанда ғана саналы, білімді әрі жауапты азамат қалыптасады. Сондықтан жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін ата-ана, мектеп және қоғамның бірлесе әрекет етуі маңызды.
Бауыржан ЖҮНІС
26 қыркүйек 2026 ж. 38 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 908
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 160

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930