Топ-баннер
» » ҰЛТ БОЛАШАҒЫ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ

ҰЛТ БОЛАШАҒЫ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ


Отбасы мен мектептің бірлескен жауапкершілігін арттыру, баланың тәрбиесі мен білім сапасын жақсартуда ата-ананың рөлін күшейту, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып заманауи білімге бағыт беру, жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселелердің (құқықбұзушылық, буллинг, интернет тәуелділік, ерте жүктілік, суицид және т.б.) алдын алу, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында «Ұлт болашағы – ұрпақ тәрбиесінде» тақырыбында аудандық ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиынға аудан прокуроры Қаратаев Нұрбек Келісімұлы, аудандық мәслихат төрағасы Қошалақов Әділ Үсенұлы, білім бөлімінің басшысы Жәнібеков Берік Съездұлы, аудандық полиция бөлімінің орынбасары полииция майоры Есжанов Оспан Қосжанұлы, ардагерлер, мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар және ата-аналар қатысты.

Жиналыстың күн тәртібіне сәйкес спикерлер баяндама жасап, өзекті мәселелерді талқылады. Аудан прокуроры бүгінгі бас қосудың маңыздылығына тоқталып, полиция мен білім бөліміне жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық профилактикасын күшейтеуді және ата-аналармен осы бағытта жүйелі жұмыс жасауды тапсырды.

Сонымен қатар, жиын барысында ата-аналар тарапынан бала тәрбиесіне қатысты қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Кездесу соңында білім бөлімінің басшысы Жәнібеков Берік Съездұлы қорытынды сөз сөйлеп, бүгінгі таңда бала тәрбиесінде ерекше мән беруді қажет ететін мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, телефонға тәуелділік, әлеуметтік желінің кері әсері, агрессиялық мінез-құлық пен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ балалардың жан-жақты дамуы үшін ұстаз, ата-ана және қоғам бірлесе отырып, бір мақсатта, бір бағытта жұмыс істеуі қажеттігін жеткізді. Жас ұрпақтың бойына қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты асыл қасиеттерді сіңіре отырып, шығармашыл әрі саналы азамат тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз екені атап өтті.

03 наурыз 2026 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (10482)

24 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 539
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 349

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031