» » Бірлескен отырыста білім жайы қаралды

Бірлескен отырыста білім жайы қаралды

Дүйсенбіде Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді. Оған аудандық мәслихат депутаттары, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Оспан Ешжанов, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева, мектеп директорлары қатысты.
Комиссияның күн тәртібіне сай «Қармақшы ауданында білім берудің жайы және оны жақсарту шаралары» туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Мәжитқызы хабарлама жасады.
Ауданның бас ұстазы өз хабарламасында білім беру ұйымдарының қазіргі жайы, оны жақсарту мен жетілдіру шаралары жайлы баяндады. Оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, оқулықпен қамту, «Ұстаз» платформасы, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, «Мақсатты мектеп» жобасы, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары сөз етілді.
Комиссияда депутаттардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Бірлескен отырысты аудандық мәслихат төрағасы Әділ Үсенұлы қорытындылады.
Аудандық мәслихат
05 мамыр 2025 ж. 246 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 641
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 408

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031