» » Тұрақты комиссияның бірлескен отырысы

Тұрақты комиссияның бірлескен отырысы

qarmaqshy-tany.kz Өткен аптада Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 15-ші бабына сәйкес аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов, аудандық мәслихат депутаттары, Жосалы кенті әкімі, дербес бөлім мен мекеме басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысын аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов ашып жүргізіп отырды.
Отырыстың күн тәртібінде үш мәселе қаралып, тыңдалды. Атап айтсақ, бірінші мәселе бойынша «Ауданда қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы» аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, полиция подполковнигі Ақылбек Амирбеков, екінші мәселе «Ауданда халықты электр энергиясымен қамтамасыз етудің ағымдағы жай-күйі туралы» аудандық электр торабының басшысы Нұржан Дариябаев хабарлама жасады. Ал үшінші мәселе бойынша «Нұра топтық су құбыры» мекемесінің басшысы Әділет Қаршыға «Ауданда халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің ағымдағы жай-күйі туралы» баяндады.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты хабарламашыларға аудандық мәслихат депутаттары және қоғамдық ұйым өкілдері сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Комиссия отырысында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, тиісті қаулылар қабылданды.
«Қт» ақпарат
02 тамыз 2023 ж. 289 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930