Келелі мәселелер қаралды
qarmaqshy-tany.kz Кент әкімшілігінде аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсеновтің төрағалығымен кезекті кеңес отырысы өтті. Оған аудандық мәслихат хатшысы Ә.Қошалақов, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, Жосалы кенті әкімінің орынбасары А.Досмұратов, аудандық білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Г.Абдазиева, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары А.Әмірбеков, күн тәртібіндегі мәселеге байланысты дербес бөлім басшылары мен мектеп директорлары, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудандық білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Г.Абдазиева атқарылып жатқан жұмыстардың есебін берді. Аталған мәселе жан-жақты талқыланып, аудандық білім бөліміне қоғамдық кеңес тарапынан тиісті ұсыныстар берілді.
Аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары А.Әмірбеков аудан көлемінде жастар арасында және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтар және оның алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы хабарлама жасады.
Сонымен қатар, аудандық қоғамдық кеңес қарауына ұсынылған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің «Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы No113 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың шешім жобалары мақұлданды.
Сондай-ақ, отырыста «Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кентінің келесі құрамдас бөліктерін қайта атау туралы» Төретам кенті әкімінің және «Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінің келесі құрамдас бөліктерін қайта атау туралы» Жосалы кенті әкімінің шешім жобалары мақұлданып, келісім берілді.
«Қт» ақпарат