» » Қоғамдық тәртіп басты назарда

Қоғамдық тәртіп басты назарда

Бейсенбіде ауданы әкімі М.Қалдарбековтың төрағалығымен жиын өтті. Онда аудандық полиция бөлімінің 2020 жылы атқарылған жұмысының есебі тыңдалды. Жиынға Қызылорда облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Е.Ахметов, аудандық мәслихат хатшысы Ә.Қошалақов, құқық қорғау органдарының басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетов, бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бо­йынша аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы А.Тоқабаев, Жосалы кенті бойынша №4 аймақ учаскелік қадағалау аймағының аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инс­пекторы А.Шәкімбаев, Ақжар ауылдық округі бойынша учаскелік полиция бөлімінің инспекторы Қ.Жұбандықов хабарлама жасады.
Аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы А.Тоқабаев жастар арасындағы қылмыс жағдайының көрсеткішін талдау және профилактикалық іс-шараларды күшейту, балалардың жол көлігі жарақатының алдын алу профилактикасы бойынша атқарған жұмысқа тоқталды. Аудан көлемінде жалпы құқық бұзушылықтардың және мал ұрлығының алдын алу, оны болдырмау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайын айтып өтті.
Аудан басшысы Мұса Оспанұлы жыл басынан бері кәмелетке толмағандармен жасалатын құқық бұзушылық профилактикасы жұмыстарының аудандық полиция бөлімі тарапынан төмен болуына байланысты, осы бағыттарды күшейтіп, нақты атқарылған іс-шаралар жөнінде әрбір комиссия отырысында есеп беруді ұсынды.
Сонымен қатар мал ұрлығының алдын алу бойынша учаскелік полиция инспекторларының жұмыстары сараланып, қатаң бақылауға алуды, өсім алған қылмыс түрлерінің деңгейін төмендету бойынша тиісті іс-шаралар қабылдауды тапсырды.
Мұнан бөлек облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Е.Ахметов сөз сөйлеп, алдағы уақытта құқық бұзушылықтың алдын алу мен болдырмау мақсатында бірлескен жұмыстар тиісті деңгейде атқарылатынын жеткізді.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы аудан көлемінде тіркелген қылмыстарды ашу бағытында жүйелі жұмыстарды ұйымдастыруды, тұрғындардың, жасөспірімдер мен оқушылардың қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуын жауапты мекемелердің басты назарында болатынын айтып, сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
27 наурыз 2021 ж. 880 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031