» » ҰЛТ БОЛАШАҒЫ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ

ҰЛТ БОЛАШАҒЫ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ

Отбасы мен мектептің бірлескен жауапкершілігін арттыру, баланың тәрбиесі мен білім сапасын жақсартуда ата-ананың рөлін күшейту, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып заманауи білімге бағыт беру, жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселелердің алдын алу, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында «Ұлт болашағы – ұрпақ тәрбиесінде» тақырыбында аудандық ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиынға аудан прокуроры Нұрбек Келсімұлы, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Үсенұлы, білім бөлімінің басшысы Берік Съездұлы, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Оспан Қосжанұлы, ардагерлер, мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер және ата-аналар қатысты. Жиналыстың күн тәртібіне сәйкес спикерлер баяндама жасап, өзекті мәселелерді талқылады. Аудан прокуроры бүгінгі басқосудың маңыздылығына тоқталып, полиция мен білім бөліміне жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық профилактикасын күшейтеуді және ата-аналармен осы бағытта жүйелі жұмыс жасауды тапсырды.
Сонымен қатар, жиын барысында ата-аналар тарапынан бала тәрбиесіне қатысты қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Кездесу соңында білім бөлімінің басшысы Берік Съездұлы қорытынды сөз сөйлеп, бүгінгі таңда бала тәрбиесінде ерекше мән беруді қажет ететін мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, телефонға тәуелділік, әлеуметтік желінің кері әсері, агрессиялық мінез-құлық пен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ балалардың жан-жақты дамуы үшін ұстаз, ата-ана және қоғам бірлесе отырып, бір мақсатта, бір бағытта жұмыс істеуі қажеттігін жеткізді. Жас ұрпақтың бойына қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты асыл қасиеттерді сіңіре отырып, шығармашыл әрі саналы азамат тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз екені атап өтілді.
«Қт» ақпарат
11 наурыз 2026 ж. 55 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 753
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 116

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 478

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930