» » ҰСЫНЫС ПЕН ПІКІР ТОҒЫСҚАН ОТЫРЫС

ҰСЫНЫС ПЕН ПІКІР ТОҒЫСҚАН ОТЫРЫС

Бейсенбіде Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсеновтің төрағалығымен қоғамдық кеңес отырысы өтті
Кеңес отырысында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғ.Кенжеғұлов «Қармақшы ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету жайын баяндады. Одан соң аудандық қоғамдық даму бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Дүйсембеков Қармақшы ауданының жаңа ресми нышан (логотип) нұсқасының жобасы жайлы баяндап, жаңа нұсқаны кеңес мүшелеріне келісімге ұсынды. Кеңесте аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ә.Құлдүйсенов Жосалы кенті тұрғыны Р.Сейтназарованың, сонымен қатар Жосалы кенті тұрғындарының өтініштері жайлы және аудандық қоғамдық кеңестің төралқа, салалық комиссиялар құрамына өзгерістер енгізу жайлы хабарлама жасап, кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Кент тұрғыны Р.Сейтназарованың өтініші мақұлданып, ол бойынша аудандық бөлімдерге тиісті ұсыныстар берілсе, тұрғындардың өтініштеріне сәйкес, аудан әкімдігіне ұсыныс енгізу туралы кеңес мүшелері тарапынан ұсынылды. Кеңес отырысында аудандық қоғамдық кеңестің төралқа құрамына және салалық комиссиялар құрамына өзгерістер енгізілді, жасалған баяндамалар мақұлданды.
АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ
06 қыркүйек 2026 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 076

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930