» » Әлеуметтік саланың маңызы зор

Әлеуметтік саланың маңызы зор

qarmaqshy-tany.kz Жақында Жосалы кенті әкімшілігінде аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Онда «Аудандағы табиғи мал жайылымдары мен шабындықтары, оларды нақты пайдаланудың, қыс кезеңінде қажетті шөп қорын жасаудың және орталық мал жайылымын ұйымдастырудың мүмкіндіктері туралы» аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ерлан Еркебаев хабарлама жасаса, келесі кезекте қоғамдық кеңес мүшелері аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Жеткерген Қалымбетовтың «Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің әлеуметтік саладағы жаңа реформалар мен өзгерістерге сай әлеуметтік оңалту шараларын іске асырудағы атқарылып жатқан жұмыстары және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы» хабарламасы тыңдалып, онда есепті кезеңде атқарылған жұмысына пікірлерін білдірді.
Сонымен қатар, кеңесте аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Дариға Тұрмағамбетованың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің ҚР 2020-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы концепциясының орындалу барысы жайлы хабарламасына назар салынса, келесі боп сөз алған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Ниматулла Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №249 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы хабарлама жасап, түсініктеме берді.
Қоғамдық кеңесте аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Жеткерген Қалымбетовтың «Әлеуметтік көмектің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» хабарламасы тыңдалды.
Кеңес отырысында «ZOOM» платформасы арқылы Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының қаржы бөлімінің басшысы Марат Айтхожа қатысып, пікірін білдірсе, кеңес мүшелері тарапынан аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, Төлеу Ерәлиев, Алпысбай Серкешбаев, Нұрбай Жанәділов және басқалар ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтты.
«Қт» ақпарат
21 тамыз 2023 ж. 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 311

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 410

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930