» » ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

Жақында Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсеновтің төрағалығымен кеңес отырысы өтті. Жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Әділ Қошалақов қатысты.
Кеңестің күн тәртібі бойынша үш мәселе қаралып талқыланды. Атап айтқанда, бірінші, «Қармақшы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2022 жылғы 18 наурыздағы №5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің қаулы жобасы жайлы және екінші, «Қармақшы ауданы бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 тамыздағы №1002 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің қаулы жобасы жайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы А.Татишов хабарлама жасады.
Үшінші, «Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №232 «2025- 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Ниматулла хабарлады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті сала басшыларының хабарламалары тыңдалып, талқыланып, аудандық қоғамдық кеңес тарапынан шешімдер қабылданды. Кеңес отырысы барысында хабарлама жасаған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы дайындықсыз келіп, тиісті сұрақтарға жауап бере алмауына байланысты мәселені қайта зерделеуге ұсынылды.
Сондай-ақ күн тәртібіндегі басқа мәселелерге байланысты қаулы мен шешім жобаларына келісім берілді. Сонымен қатар бюджет жоспарлауда бюджет заңдылықтарын қатаң сақтау мен жете зерделеу қажеттілігіне назар аударылды.
Қармақшы аудандық қоғамдық кеңесі
19 маусым 2025 ж. 126 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930