» » Мәселелер жан-жақты талқыланды

Мәселелер жан-жақты талқыланды

Жуырда Жосалы кенті әкімшілігі аппаратының мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақовтың төрағалығымен VIII шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс 15-сессиясы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықов, мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде 13 мәселе қаралып, жанжақты талқыланды. Атап айтқанда, бірінші, екінші, үшінші және төртінші мәселелер бойынша Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі «Аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» №17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №160 «Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №161 «Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Қармақшы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» №349 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Ернар Бекенов хабарлама жасаса, бесінші мәселеде Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №106 «2024-2026 жылдарға арналған Жосалы кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жосалы кенті әкімінің міндетін уақытша атқарушы Алмасхан Досмұратовтың хабарламасы тыңдалды. Алтыншы және он екінші мәселелер аралығында Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №107 «2024-2026 жылдарға арналған Төретам кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Төретам кентінің әкімі Ғалымжан Елеусінов, Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №108 «2024-2026 жылдарға арналған Ақай ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Ақай ауылдық округі әкімі Эльмира Қазиева, Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №109 «2024-2026 жылдарға арналған ІІІ Интернационал ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Сайымов, Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №113 «2024-2026 жылдарға арналған Ақтөбе ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Қанат Әбдіғаппарұлы, Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №115 «2024-2026 жылдарға арналған Қармақшы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қармақшы ауылдық округінің әкімі Аязбек Есқараев, Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №116 «2024-2026 жылдарға арналған Алдашбай ахун ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Алдашбай ахун ауылдық округінің әкімі Ермек Жақанов, Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №119 «2024-2026 жылдарға Жосалы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жосалы ауылдық округінің әкімі Владимир Жалғасбай, соңғы он үшінші мәселеде «Қармақшы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рустам Ефенов хабарлады.
Күн тәртібіндегі мәселелер тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында егжей-тегжейлі талқыланып, қаралған мәселелерге сәйкес, аудандық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды.
Сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді.
Қармақшы аудандық мәслихаты
05 сәуір 2024 ж. 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031