» » VII шақырылымдағы Қармақшы аудандық мәслихатының кезектен тыс 31-сессиясы өтті

VII шақырылымдағы Қармақшы аудандық мәслихатының кезектен тыс 31-сессиясы өтті

qarmaqshy-tany.kz VII шақырылымдағы Қармақшы аудандық мәслихатының кезектен тыс 31-сессиясы 2023 жылғы 16 қаңтарда сағат 10:30-да Жосалы кенті әкімшілігінің мәжіліс залында болып өтті. Аудандық мәслихаттың сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев, аудан әкімі аппаратының басшысы С.Смағұлов және аудандық сайлау комиссиясының хатшысы О.Бодыбаев қатысты.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Қармақшы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Қармақшы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» №225 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы.
Хабарламашы: Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы Ә.Қошалақов.
2. Қармақшы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Қармақшы аудандық учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» №226 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Хабарламашы: Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы Ә.Қошалақов.
3. Қармақшы аудандық округтік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы.
Хабарламашы: Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы Ә.Қошалақов.
4. Қармақшы ауданының әкімшілік-аумақтық басқару схемасын бекіту туралы.
Хабарламашы: Қармақшы аудан әкімі аппаратының басшысы С.Смағұлов.
Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды.
Сессия отырысы тікелей эфирде Aitube желісінде трансляцияланды.

Қармақшы аудандық мәслихаты

16 қаңтар 2023 ж. 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930