» » VII шақырылымдағы Қармақшы аудандық мәслихатының кезектен тыс 30-сессиясы өтті

VII шақырылымдағы Қармақшы аудандық мәслихатының кезектен тыс 30-сессиясы өтті

qarmaqshy-tany.kz VII шақырылымдағы Қармақшы аудандық мәслихатының кезектен тыс 30-сессиясы 2023 жылғы 10 қаңтарда сағат 11:00-де Жосалы кенті әкімшілігінің мәжіліс залында болып өтті.
Сессияның күн тәртібінде Қармақшы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы «Қармақшы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық кестесі және қызметтік автокөліктерінің лимиті туралы» №336 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы Ә.Қошалақовтың хабарламасы тыңдалды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 5 қарашадағы №157-VII Заңына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңындағы 8, 11, 19, 19-1, 21, 21-2, 24-1 баптарындағы «Мәслихат хатшысы» деген сөздер «Мәслихат төрағасы» деген сөздермен ауыстырылуына байланысты аталған шешімге өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы әзірленіп, мәслихат сессиясына ұсынылды.
Сессияның күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық мәслихаттың тиісті шешімі қабылданды.
Сессия отырысы тікелей эфирде Aitube желісінде трансляцияланды.

Қармақшы аудандық мәслихаты

10 қаңтар 2023 ж. 451 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 356
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 133

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930