» » Өзекті мәселелер талқыланды

Өзекті мәселелер талқыланды

qarmaqshy-tany.kz Жуырда Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың төрағасы Әділ Қошалақовтың төрағалығымен VIII шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезекті 7-сессиясы өтті.
Оған аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев, аудан әкімі аппаратының басшысы, кенттер мен ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібіне орай, үш мәселе қаралды. Атап айтқанда, «Қармақшы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы» аудан әкімі Жандос Еркінбектің баяндамасы тыңдалды. Онда аудан басшысы бүгінде ауданда атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарға тоқталды. Сонымен бірге алда атқарылатын шаруаларға да көпшіліктің назарын аудартты.
Екінші мәселе бойынша «Ауданда қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы» аудандық полиция бөлімінің бастығы Бақытжан Жарқынбаев хабардар етсе, үшінші мәселеге байланысты Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі «Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» №18 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Бекенов хабарлама жасады.
Сессияда қаралған мәселелер бойынша депутаттар тарапынан қызу талқылаулар болып, сұрақтар қойылды. Ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды.
Сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді.
Қармақшы аудандық мәслихаты
04 қазан 2023 ж. 520 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 147
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 790

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031