» » Қаражат мақсатты әрі жоспармен жұмсалуы керек

Қаражат мақсатты әрі жоспармен жұмсалуы керек

qarmaqshy-tany.kz Сәрсенбіде Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақовтың төрағалығымен VIII шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс 5-сессиясы өтті.
Оған аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев, аудан әкімі аппаратының басшысы Ернар Бекенов, дербес бөлім басшылары, депутаттар, кенттер мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессияның күн тәртібіне орай бірнеше мәселе қаралып, талқыланды.
Атап айтқанда, аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №249 «2023­2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Ниматулла хабарлады. Мұнан соң аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 21 желтоқсандағы «2023­2025 жылдарға арналған Жосалы, Төретам кенттері мен ауылдық округтер бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аталған кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің хабарламасы тыңдалды. Онда кент, ауылдық округ әкімдері өздерінің бюджетке жер, мүлік, табыс, жеке және заңды тұлғалардың көлік, басқа да салық түрлері бойынша түсірген қаражат есебін беріп, оның жұмсалу жолдарын атады. Бұл ретте пікір білдірген сессия төрағасы түскен қаражаттың әрбір тиынына дейін мақсатты әрі алдын ала жоспарлау керектігіне назар аудартты.
– Биылға мемлекет тарапынан біраз қаржы қаралып жатыр, бірақ сол қаржы өз уақытында мақсатты түрде жұмсалуы керек, – деді ол талқылау барысында.
Сессияда сонымен қатар, аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 28 сәуірдегі №17 «Аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімі аппаратының басшысы Ернар Бекенов, аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 23 маусымдағы №54 «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» шешiмін жою туралы аудандық мәслихаттың төрағасы Әділ Қошалақов хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды.
Сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді.
С.РАЙЫМБАЕВА

20 тамыз 2023 ж. 568 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 464
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31